Skip to content

Маңызды шаралар

Заң консультанты адвокаттыққа өтті

Белгілі литигатор-консультант адвокат болғанын жариялады.

By Айгерим Канабекова

Белгілі литигатор-консультант адвокат болғанын жариялады.

Танымал қазақстандық литигатор әрі жуырғы уақытқа дейін KazBar заң консультанттары палатасының мүшесі болған заң консультанты Бахыт Тукулов өзінің мәртебесінің өзгергенін жариялады. Facebook парақшасында Бақыт адвокат куәлігін жариялап, ал стористерінде әзіл түрінде «Қазақ еліне +1 адвокат» деп жазды. Тукулов мырза – Қазақстандағы ең танымал заңгерлердің бірі және сот дауларына маманданған TKS Disputes бутик-фирмасының негізін қалаушы.

Еске сала кетейік, Қазақстанда соттарда өкіл ретінде адвокаттар да, заң консультанттары да қатыса алады. Адвокаттық қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы жеткіліксіз, сондай-ақ аумақтық қағидат бойынша адвокаттар алқасына мүше болу қажет. Ал заң консультанты ретінде қызмет атқару үшін саны шектелмеген заң консультанттары палаталарының кез келгеніне кіруге болады. Алайда заң консультанттары қылмыстық істер бойынша қорғаушы бола алмайды, ал адвокаттарға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Жуырдағы референдум нәтижесінде Конституцияда келесі бап пайда болды:

86-бап

  1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның мемлекет кепілдік берген сот арқылы қорғалу құқығын және заң көмегін алу құқығын іске асыруға жәрдемдеседі. Заң көмегін адвокаттар мен өзге тұлғалар заңға сәйкес көрсетеді.
  2. Адвокат қызметін жүзеге асыру тәртібі, адвокат құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы заңда айқындалады.

Енді заң қауымдастығы Конституциядағы бұл жаңашылдық соттағы өкілдікке адвокаттық монополияның пайда болуына алып келе ме деген сұраққа жауап іздеуде. Себебі онда дәл адвокатураның «мемлекет кепілдік берген адамның сот арқылы қорғалу құқықтарын іске асыруға жәрдемдесетіні» көрсетілген, ал заң көмегі адвокаттармен қатар «өзге де тұлғалар» арқылы көрсетілетіні айтылған. «Өзге де тұлғалар» санатына заң консультанттары да кіретін сияқты.

Алайда қарама-қарсы пікірлер де айтылуда: кейбіреулердің ойынша, бәсекелестіктің күшеюіне байланысты адвокаттардың өздері адвокаттық монополияға мүдделі емес. Сонымен қатар адвокаттық монополия заң қызметтерінің құнының өсуіне алып келуі мүмкін.

Жоғарыда келтірілген Конституция бабы көрсеткендей, монополия мәселесі салалық заңда шешілетін болады, ал ең үлкен пікірталастар дәл осы заңды талқылайтын жұмыс топтарында өрбуі күтілуде.